Sunday, October 7, 2007

Рамазанда түнгі Сұлтан Ахмет алаңы

Рамазан жалпы мұсылман халықтар үшін тілмен айтып жеткізгісіз мағынаға ие бір ай. Сондықтан оның аталып өтілуі де ерекше болуы керек. Ол айда жасалған ғибадат пен қайыр-көмек істерінің жаратқанның құзырында ерекше орны, мәні бар. Бірақ бұл айтылғаннан (хаша) Алла тағала біздің оразамыз бен ғибадатымызға зәру екен деген нәтіже әсте шықпауы керек. Ораза, мұсылманға өзін-өзі жаңарту, бұл дүниенің түрлі тұзағы мен иіріміне қарсы ішкі жан дүниесін шынықтыру мүмкіндігін береді. Ораза тек қана тамақтан, ішіп жемнен тиылу емес, жалпы жаратқанға ерсі келетін қылықтың барлығынан тиылуды, бойыңды неғұрлым таза ұстауды қажет етеді. Соншалықты әкетіп бара жатпаса да, Стамұлда және жалпы Түрік елінде Рамазанды, мереке ретінде, ғибадат айы ретінде сезінуге болады. Оразаның алғашқы 4 күнін елде, Алматыда өткіздім, Стамбұлдағы атмосферадан біршама алыс болса да, Жаратқанға мың да бір тәубә (қате екенін білемін, бірақ жалпы әдеби қазақ тілінде шүкіршіліктің орнына- Тәубә сөзі қолданылады) ораза ұстайтын жастарымыз жыл сайын көбейіп келеді, ел де бір-бірін ауызашарға шақырып мәре сәре болып жатыр. Бірақ әйткенмен рамазанның атмосферасы сезілмейді. Көшеде, паркта көретінің- сыра ұстаған, шылым шегіп, аймаласқан жасөспірімдер. Ондайды көргенде тамақ ішсе де түзу жүргендерді көріп шүкіршілік дейсің. Елімізде рамазан ерекше аталып өтетін, жалпы халық болып ғибадат ететін күндер де келер иншалла. Игілік те жамандық та табиғатында жұқпалы нәрсе ғой. Біреу біреуден көріп, еліктеп жамандыққа не жақсылыққа мойынсұнып жатады. Жамандықтың жолы жеңіл қиналуды қажет етпейді. Ал жақсылықтың жолы әлде қайда қиын. Алайда жаратқан өз нұрын тәмәмдайды қайткенде. Кеше бірен саран кісі ұстаса оразаны, қазір ол сан жүз мыңдарға жетті. Бұдан былай да арта берер иншалла. Сұлтан Ахмет мешітінің ауласында ығы жығы болып мейрамдатым жүрген түрік ағайындарды көргенде осындай ойлар жетегінде, тілек тіледім. Дұғанызбен сіз де қосылыңыз...
Posted by Picasa

No comments: